Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жанар-жағармай бекетінде ірі өрт шықты

өрт
Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында 14 тамыз күні кешкі уақытта жанармай құю бекетінде ірі өрт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиғаға қатысты толық ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, жанар-жағармай материалдарын төгу кезінде сыйымдылығы 10 тонна болатын жанармай таситын көлік өртенген. Жалын ғимараттың қаптамасына тарап, 70 шаршы метр аумақты шарпыған. Оған қоса жанар-жағармай сақталған, әрқайсысының сыйымдылығы 25 тонна болатын төрт резервуар орналасқан аумаққа да тараған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары барды. Құтқарушылар өртті жедел сөндіріп, оның одан әрі таралуына жол бермеді.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір тұтану себептері анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада ер адам терезеден сіріңке лақтырып тұрақтағы көлікті өртеп жібергені туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 15 Тамыз, 2026 09:21