Трамп Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялауды жоспарлап отыр
Дональд Трамп Иранмен соғыс аяқталған соң Ормуз бұғазын Америка аумағы деп жариялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенрттігі NBC News арнасына сілтеме жасар хабарлайды.
Трамп мұны 14 тамызда мәлімдеді.
“Иранды жеңген соң, жақын арада Ормуз бұғазын Америка Құрама Штаттарының аумағы деп жариялаймын. Негізінде, дәл солай. Біз жолды жауып тастадық. Егер біз қаламасақ, бірде-бір кеме бұғаздан өте алмайды”, – деді Трамп.

Алайда Трамп халықаралық бұғазды қандай негізде АҚШ аумағы деп жариялайтынын түсіндірмеді.
Иран не дейді?
Тегеран Вашингтонның бұл мәлімдемесімен келіспейді. Иран билігі бұғазды өздері бақылап отырғанын мәлімдеді. Оған қоса Иран тарапы АҚШ бірқатар талаптарын орындамайынша, Ормуз бұғазын ашпайтынын айтқан.
Тегеран қойған талаптар қатарында АҚШ санкцияларын алып тастау, Иранның бұғатталған активтерін босату және соғыс кезінде келтірілген шығынды өтеу бар.
Ал Трамптың сөзінше, Тегеран ондаған жыл бойы келтірген залал үшін Америкадан өтемақы талап етті.
Қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөздер әзірге тығырыққа тіреліп тұр. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-пен тікелей келіссөздерді қайта бастау туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты. Қазір делдалдар тараптар арасында хабарламалар алмасып жатыр.
Бұған дейін АҚШ пен Иран шабуылды қайта бастап, Сауд Арабиясы да Ирактағы қарулы топтарға қарсы соққы жасаған еді. АҚШ әскери қолбасшылығы мұны "кенеттен жасалған шабуыл әрекеті" деп бағалап, барлық зымыранның әуеде жойылғанын мәлімдеді.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады