Трамп АҚШ пен Иранның келісімге келгенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп 2 тамызда өз ұшағының бортында журналистерге Вашингтон мен Тегеран Ормуз бұғазы мәселесі бойынша келісімге келгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамптың айтуынша, АҚШ тарапы Иранмен келіссөздер форматында өтетін диалог жүргізеді. Сондай-ақ ол келіссөздердің 3 тамыз күні түстен кейін басталатынын айтты.
"Мен дәл солай болғанын қалаймын. Бұл көптеген адамның өмірін сақтап, көп күш-жігерді үнемдеуге мүмкіндік береді", – деді ол.
Трамп бұған дейін Иранға жойқын соққы жасауды жоспарлағанын еске салды.
"Олар мұны қаламады. Шынын айтқанда, Сауд Арабиясы да мұны құптамады. Олар келісімге келуге жақынбыз деп санады", – деді АҚШ президенті.
Оның айтуынша, әңгіме Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы мен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімдер туралы болып отыр.
АҚШ 1-2 тамыз күндері Иранның энергетикалық инфрақұрылым нысандарына ауқымды соққы жасауды жоспарлаған. Алайда Дональд Трамп бұл жоспардан бас тартып, Тегеранмен келіссөз жүргізуге тағы бір мүмкіндік беруді жөн көрген.
ОқыңызМұндай шешім АҚШ-тың Парсы шығанағындағы мемлекеттермен өткізген консультацияларынан кейін қабылданды. Олар өңірдегі шиеленістің ушығуына алаңдаушылық білдірген.
Ақ үй жақын арада Ормуз бұғазының ашылуына және Ислам Республикасынан төнетін "ядролық қатерді тоқтатуға" қол жеткізуді көздеп отырғаны хабарланды. Сонымен қатар АҚШ президенті келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда Иран "әскери террорға" ұшырайтынын ескертті.
Бұған дейін АҚШ пен Иран шабуылды қайта бастап, Сауд Арабиясы да Ирактағы қарулы топтарға қарсы соққы жасаған еді. АҚШ әскери қолбасшылығы мұны "кенеттен жасалған шабуыл әрекеті" деп бағалап, барлық зымыранның әуеде жойылғанын мәлімдеді.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін