Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарық Канье, су Канье": Қазақстандықтар Алматыдағы жарықтың жаппай өшуін әзілге айналдырды

Фото: Threads

Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшіп, тұрғындарды әбірге салды. Бұл жағдайды әзілге айналдырғандар да жоқ емес. Желіде қазақстандықтардың жарықтың өшуін Канье Уэсттің концертімен байланыстырған әзілдері пайда бола бастады. Stan.kz тілшісі желіде жариялаған осы тақырыптағы сәтті әзілдерді жинап шықты.

Желі қолданушыларының бірі Канье Уэсттің қолына қысқыш ұстап, электр жабдығының жанында электрші киімінде тұрған суретін жариялады. Суреттен қолына “жарық қайда?” деген плакат ұстаған наразы тұрғындарды көруге болады. 

скриндер
Фото: Threads

Тағы бір желі қолданушысы Канье Уэсттің жарық компаниясының қызметкерінен өзінің концертіне дейін жарық қосылып-қосылмайтынын сұрап тұрған суретін жариялап, жұртты күлдірді.

Theards қолданушыларының бірі жарықтың өшуін Канье Уэсттің жер шары тәріздес сахналық декорациясымен байланыстырған. 

Танымал стэндапер Ғалым Қалиақпаров та жарықтың өшуі мен Каньенің сахнасын байланыстырып, жазба жариялады. 

“Алматыда "Жер сағаты" ұйымдастырылды. Электр жарығы өшіріліп, Каньенің "Жер шары" сахнасы жарықтандырылды”, – деп жазды әзілкеш. 

Енді бірі қалада жарық өшкеннен кейін болған барлық оқиғаны Канье Уэсттің жолы болмауымен байланыстырған. 

“Өзі Канье Уэстің жолы ауыр екен. Алматыда свет өшіп, метрода адамдар қалып, Шымбұлақтың төбесінде туристер кабинкада төбеде ілініп қалды. Үйде не су не свет жоқ. Көршілер лифтінің ішінде қамалып қалды. Бізде полный треш деуші ме еді әлде апокалипсис па бірдеңе”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Тағы бір желі қолданушысы жарықтың қашан қосылатынын соңғы күндері желіде кең тараған, тойдан шыға салысымен “Салют кәні?” деп отшашу сұраған жас жігіттің сөздерімен сәтті байланыстырды. 

скриндер
Фото: Threads

Электр қуатының өшуі

Айта кетейік, бүгін сағат 14:30 шамасында Алматының бірнеше ауданының тұрғындары электр қуатының берілуінде іркіліс болғанын хабарлады. Қалада Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарындағы тұтынушылардың электр қуатынан ажыратылғаны ресми түрде расталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Алматыдағы электр қуатының жаппай үзілуіне KEGOC АҚ-қа тиесілі 500 кВ магистральдық электр беру желілерінің апатты жағдайда ажыратылуы себеп болған.

Қалада байланыс жүйесінде іркілістер болып, жолдардағы қозғалыс қиындады, кейбір бағдаршамдар жұмыс істемей қалды. Алматы метросы да жұмысын тоқтатып, жолаушыларды эвакуациялау сәті түсірілген видео тарады.

Электр қуатының өшуіне байланысты қала тұрғындары қалалық инфрақұрылым жұмысының бұзылғанын, соның ішінде әуежай жұмысында да қиындықтар болғанын хабарлады.

Дана Русланқызы
Жұма, 14 Тамыз, 2026 21:56