Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда электр қуаты жаппай өшті: Мегаполис не себепті жарықсыз қалды

жарық
Фото: magnific.com

Алматы қаласының 4 ауданында жарық өшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарық 14 тамыз күні сағат түскі уақытта өшті. Редакция “Алатау-жарыққа” компаниясына жарықтың сөні себебін сұраған болатын. Компания апаттық ажырату салдарынан өшіруге мәжбүр болғанынмәлімдеді.

“Сағат 14:38-де "KEGOC" АҚ-ға тиесілі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы нәтижесінде "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика (САОН, АЧР) іске қосылды, нәтижесінде Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр энергиясы өшірілді”, – деп жазды хабарламада.

Алматы қаласының 4 ауданында жарық сөнді, олар:

  • Бостандық ауданы
  • Наурызбай ауданы
  • Әуезов ауданы
  • Алатау ауданы 

Алматы облысы бойынша жарық өшкен:

  • Жамбыл;
  • Балқаш;
  • Есік;
  • Қарасай;
  • Шелек;
  • Райымбек;
  • Ұйғыр;
  • Іле;
  • Кеген;
  • Талғар аудандарында электр қуаты өшірілді.

Энергетиктер электрмен жабдықтауды қалпына келтірумен айналысып жатыр. Жарық қашан жанатыны әзірге белгісіз.

"Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылында жарық та, су да жоқ", – деп хабарлады оқырман.

Шымкент тұрғындары да жарықтың жоғын айтып, шағымданып жатыр.

Қырғызстан астанасында да жарық өшті

Сондай-ақ Бішкектің кейбір аудандарының тұрғындары электр қуатының сөніп қалғанын айтты. Kaktus.media басылымындағы әріптестердің мәліметінше, жарықтың өшкені туралы алғашқы хабарламалар шамамен сағат 15:00-де түскен. Тұрғындар Тыныстанов пен Тоқтоғұл көшелері маңында электр қуатына қатысты ақау болғанын айтқан.

Кейін Ибраимов – Бөкөнбаев, Абдрахманов – Ибраимов көшелері маңынан, "Аламедин-1" шағынауданынан, Сүйінбаев – Жібек Жолы көшелері қиылысынан, "Жастар кварталынан", Ахунбаев – Айтматов даңғылы маңынан, сондай-ақ Селекционное ауылынан жарыққа қатысты шағымдар түскен.

Сонымен қатар Қолбаев көшесінде, №70 мектеп маңында және Орозбеков – Түгөлбай Ата көшелерінің қиылысында да электр қуаты үзілген.

Ислам Әден
Жұма, 14 Тамыз, 2026 15:41