Kyzdar.net сайтында жеңгетайлықпен айналысқан күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
Қазақстанда жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің қызметін жарнамалап, одан түскен табыстан комиссия алып отырған трансұлттық қылмыстық топтың мүшесі Грузиядан елге жеткізілді. Өзбекстан азаматы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің қызметін жарнамалап, одан түскен қаражаттан комиссия алып отырған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Грузиядан экстрадицияланды. Өзбекстан азаматы Қазақстанға қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеткізілді.
Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті ұйымдасқан қылмыстық топтың өзге мүшелерімен бірге жезөкшелікпен айналысатын және сексуалдық сипаттағы қызмет көрсететін адамдардың сауалнамаларын Kyzdar.net интернет-ресурсында жариялауға арналған шоттарды толықтыру өтінімдерін қабылдаған.
Олар бұл әрекеттерді сексуалдық қызметтерді жарнамалау және ілгерілету мақсатында жүзеге асырған. Сонымен қатар топ мүшелері түскен қаражаттан комиссиялық сыйақысын ұстап қалып, қалған ақшаны сайт әкімшілеріне аударып отырған.
Осылайша, қылмыстық топ жеңгетайлыққа бағытталған заңсыз схеманың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен.
Қазір топтың бірнеше мүшесі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ал күдікті бастаған жекелеген қатысушылар қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Биыл шілдеде күдікті Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалған.
Оған тағылған қылмыстар бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы ішкі істер вице-министрі, қазіргі сенатор Марат Қожаев Kyzdar.net сайтын бұғаттауға интернет-ресурстың IP мекенжайын өзгерту арқылы шектеулерді айналып өту мүмкіндігі кедергі келтіретінін айтқан. Оның сөзінше, сайтты бұғаттаудың түрлі жолы бар.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
