Атышулы Kyzdar.net сайтын неге әлі күнге дейін бұғаттай алмай келеді – Ішкі істер министрлігі жауап берді
Фото: freepik.com
Бұрынғы ішкі істер вице-министрі, қазіргі сенатор Марат Қожаев мәжіліс кулуарында атышулы Kyzdar.net сайтын бұғаттауға не кедергі болып отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Марат Қожаев құқық қорғау саласындағы тәжірибесіне сүйеніп, полицейлер бұл құбылыспен күресіп жатқанын атап өтті
"Бірақ заманауи жүйелер, әсіресе интернет-ресурстар – олардың ерекшелігі неде? Kyzdar.net-тің IP мекенжайын сәл ғана өзгертсеңіз болды – нүктесін алып тастасаңыз, жаңа, бұғатталмаған ресурс болып шыға келеді. Сондықтан онда біздің бұғаттауымызды айналып өтудің көптеген жолы бар", – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Kyzdar.net сайты бұғатталғанын, оның ұйымдастырушылары жазасын өтеп жатқанын айтқан еді. Министрдің айтуынша, кейбіріне қатысты сот процестері әлі де жалғасып жатыр.
Ақмолада 13 жастағы бала көкпар ойнап жүріп, қаза тапты: Туыстары оны атпен қағып өткен адамның жазасыз қалғанына наразы
Марқұм Дінмұхаммед “Жанбөбек” командасының құрамында ойнаған
7,6 миллион теңгелік резидентура мен 250 мың теңге жалақы: Қазақстандық жас дәрігерлер оқу ақысын қалай ақтайды
Алина: “Ақылы резидентура мұндай ақшаға татымайды”