Stadler вагондары алғаш рет Астана-Алматы бағдарына жол тартты
11 қарашада “Нұрлы жол” вокзалынан Қазақстанда швейцариялық компания технологиясы бойынша шығарылған Stadler вагондарынан құрылған алғашқы жолаушылар пойызы жолға шықты. Вагондар күн сайын № 3/4 “Нұрлы жол – Алматы-2” пойызының құрамында жүретін болады. Астанадан жөнелтілуі – сағат 13:10-да, Алматыға жетуі – келесі күні сағат 08: 30-да.
Жөнелту алдында БАҚ өкілдері жаңа вагондармен, олардың техникалық жабдықталуымен және жол жүру шарттарымен танысты. Бірінші жолаушыға естелік сыйлық табысталды.
Stadler вагондары Қазақстанның климаттық жағдайларына бейінделген және – 50-ден + 45 градусқа дейінгі температурада пайдалануға есептелген. Қызмет ету мерзімі 40 жыл.
Купе вагондары 40 жолаушыға, плацкарт вагондары 58 жолаушыға арналған.

Қазір “Жолаушылар тасымалы” АҚ 100 астам Stadler вагонын қабылдады. Келісімшарт 2030 жылға дейін 557 жолаушылар вагонын кезең-кезеңімен жеткізуді, кейіннен сервистік қызмет көрсетуді көздейді.

Билеттер bilet.railways.kz сайтында және теміржол кассаларында қолжетімді.
Қазақстан халқына қоры миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейтін болды: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”
Алматыда жаңбырдан соң көліктер батпаққа батып, жолдар опырылды
Тұрғындар жауын-шашын басталмай тұрып жолды ретке келтіруді сұраған, алайда орындалмаған