2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің тәртібі өзгереді

Еңбек министрлігі Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің жекелеген түрлерін тағайындау тәртібі өзгеретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, әлеуметтік осал азаматтарға берілетін мемлекеттік қолдау және зейнеткерлер мен егіде жастағы азаматтарға берілетін жәрдемақы сақталады.
“Кейбір төлемдерді тағайындау кезінде, “Атаулы қолдау” қағидаты күшейтіледі. Яғни төлем тағайындалғанда, отбасының нақты жағдайы ескеріледі”, – деп мәлімдеді министрлік.
Сөз соңында Еңбек министрлігі әлеуметтік төлем кезінде негізгі ұстаным өзгеріссіз қалатынын айтты. Сөздерінше, бұл қолдау нақты азаматтарға бағытталуы тиіс.
Еске сала кетейік, Қазақтан халқына жолдау кезінде президент әлеуметтік төлемдер жүйесіне наразылық танытты. Айтуынша, мемлекеттік ресурстар орынсыз шашылды: көмекті тұрмысы жақсы отбасылар да алды. Ал осы уақытта халыққа қолжетімді мектептер мен ауруханалардың тапшылығы жылдам өсе түсті.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
