Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалған мейірімділік пен популизм": Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік төлемдер жүйесін сынға алды

Тоқаев
Фото: Aqorda

Қазақтан халқына жолдау кезінде президент әлеуметтік төлемдер жүйесін наразылық танытты. Айтуынша, мемлекеттік ресурстар орынсыз шашылды: көмекті тұрмысы жақсы отбасылар да алды. Ал осы уақытта халыққа қолжетімді мектептер мен ауруханалардың тапшылығы жылдам өсе түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Президент мұндай саясат қоғамда мемлекетке масылдықтың қалыптасуына ықпал еткенін айтты.

“Сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде заңсыз әрекеттер мен сыбайлас жемқорлық схемаларының орын алуына жол ашты. Негізсіз жеңілдіктер мен төлемдердің шамадан тыс көп болуы мемлекеттік аппараттың институционалдық тұрғыдан жетілмегенін, тіпті әлсіздігін, сондай-ақ ұлттың жарқын болашағын қамтамасыз етуге қатысты ұзақ мерзімді жоспардың жоқтығын көрсететінін анық түсіну қажет”, – деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, жалған жанашырлық таныту ел мүддесіне және мемлекеттің тұрақты дамуына қарсы бағытталған түрлі айла-шарғыларды бүркемелейтін нағыз популизм. 

“Бұл – тек бүгінгі күннің қамын ойлайтын, стратегиялық көзқарасы мен кең мағынадағы мемлекеттік ойлау жүйесі қалыптаспаған адамдардың ұстанымы. Сондықтан әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарап, оны уақытша мәселелерді шешуден стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағыттау маңызды”, – деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2027 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақының 14 түрі отбасының тұрмыс жағдайына қарай тағайындалмақ. Мемлекеттік көмекті негізінен табысы орташа, төмен және аса мұқтаж отбасылар алады. Бұл туралы 16 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. 

Ислам Әден
Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026 12:27