Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылар Медеу-Шымбұлақ аспалы жолында тұрып қалды (видео)

Аспалы жол
Фото: shymbulak.com

Алматыдағы электр энергиясының жаппай өшуіне байланысты адамдар Шымбұлақ курортындағы аспалы жолда тұрып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымбұлақ курортының келушілері Алматы мен Алматы облысында болған ауқымды электр жарығының өшуіне байланысты "Медеу – Шымбұлақ" аспалы жолының кабинасында тұрып қалған.

Әлеуметтік желілерде тоқтап қалған кабиналарда отырған жолаушылардың видеолары тарады. Адамдардың кабинада 1,5 сағат болғаны атап өтілді. 

“Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының баспасөз қызметі электр қуатының өшуіне байланысты аспалы жолдың жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Курорт өкілдері нысанның резервтік электр қуаты көзі арқылы жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.

"Келушілерді түсіру жұмыстары барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жүргізілуде. Жағдай тұрақты бақылауда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

Электр қуатының өшуі

Айта кетейік, бүгін сағат 14:30 шамасында Алматының бірнеше ауданының тұрғындары электр қуатының берілуінде ақау болғанын хабарлады. Қалада Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарындағы тұтынушылардың электр қуатынан ажыратылғаны ресми түрде расталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Алматыдағы электр қуатының жаппай үзілуіне KEGOC АҚ-қа тиесілі 500 кВ магистральдық электр беру желілерінің апатты жағдайда ажыратылуы себеп болған.

Қалада байланыс жүйесінде іркілістер болып, жолдардағы қозғалыс қиындады, кейбір бағдаршамдар жұмыс істемей қалды.  Электр қуатының өшуіне байланысты қала тұрғындары қалалық инфрақұрылым жұмысының бұзылғанын, соның ішінде әуежай жұмысында да қиындықтар болғанын хабарлады.

Дана Русланқызы
Жұма, 14 Тамыз, 2026 19:27