Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Brand Analytics Conference Kazakhstan 2026 конференциясы өтті

Форум
Фото: Brand Analytics

16 қыркүйекте Алматыда маркетологтар, PR-мамандары, бизнес иелері мен агенттіктерге арналған әлеуметтік медиа аналитикасына бағытталған Brand Analytics Conference Kazakhstan конференциясы өтті. Іс-шара барысында сарапшылар бизнес саласындағы өзекті мәселелерді шешуде әлеуметтік желілерге арналған талдауды қолдану тәжірибесін талқылады.

Конференцияға қазақстандық және халықаралық ірі брендтердің 200-ден астам маркетологы мен PR-маманы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Әлеуметтік желілерді зерттеу 

Іскерлік бағдарламаны Зерттеулер блогы ашты. Brand Analytics "Қазақстандағы әлеуметтік желілер: сандар мен трендтер, 2026 жылдың жазы" атты зерттеуінің нәтижелерін таныстырды. Василий Черныйдың (Brand Analytics) айтуынша, 2026 жылғы тамызда ай сайынғы белсенді авторлар саны және олар жариялаған контент көлемі бойынша жетекші әлеуметтік платформалар қатарында Instagram (4,75 миллион автор, 43,88 миллион жарияланым) және Threads (1,23 миллион автор, 13,52 миллион жарияланым) болды. Сонымен қатар қазақ тіліндегі жарияланымдардың үлесі Facebook-те – 41,4%, Threads-та – 19%, Instagram-да – 18,8% болды. Әйелдер аудиториясының үлесі ең жоғары әлеуметтік желілер қатарында "Одноклассники" (73,9%), Instagram (68%) және Threads (67,3%) бар. Ал ерлер аудиториясының үлесі "ВКонтакте" желісінде – 64,8%, Telegram-да – 64%, YouTube-та – 62,9% болды.

Наталья Оспанова (Alvin Market Research) "Қазақстандағы брендтерді жою мәдениеті (cancel culture), 2026" атты баяндамасын ұсынып, беделге байланысты дағдарыстардың жаңа шындығы туралы айтты. Оның мәліметінше, қазақстандықтардың 78%-ы адамдардың жанжалға байланысты бренд, компания, сервис, дүкен немесе қоғамға танымал тұлға туралы жағымсыз пікір айтып, одан бас тартқан жағдайлар туралы естіген. Ал 21%-ы қандай да бір брендке бойкот жариялауға немесе оны "жоюға" жеке өзі қатысқан.

Наталья Оспанова Анна Шелеповамен (Impact PR) бірге брендтің "жойылуына" алып келетін жағдайларды талдап, мұндай дағдарыстарға жауап беру бағдарламасын ұсынды.

Форум
Фото: Brand Analytics

Сенім және дағдарысқа қарсы коммуникация мәселелері бойынша талқылау

Күннің басты оқиғасы "Брендтің негізгі активі – сенім қалыптастыру үшін стратегиялық коммуникациялар және тәуекелдерді басқару" тақырыбындағы дискуссиялық панель болды. Қатысушылар екітілді коммуникациялар мен мәдени кодтың сенімге негізделген байланыс орнатудағы маңызын талқылады.

Виктор Елисеев (ЦАРА) пен Альфия Бажекенова (ATLAS Capital) мәдени контексті ескерудің сенім қалыптастырудағы маңызы және бұл бағыттағы қателіктердің дағдарысқа әкелуі мүмкін екені туралы пікір білдірді. Виктор Елисеевтің айтуынша, Қазақстанның ішінде бірнеше "Қазақстан" бар және коммуникацияны кіммен сөйлесіп отырғаныңды ескере отырып құру қажет. Өйткені әртүрлі мақсатты аудиториялардың триггерлері мен медианы пайдалану әдеттері де әртүрлі. Альфия Бажекенова қазір мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне жай ғана аудару жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның пікірінше, бренд сырттай солай көрінуге тырыспай, шын мәнінде сондай болуы керек, өйткені аудитория жасандылықты бірден сезіп, сенімсіздік танытады.

Сонымен қатар GEO тақырыбы да назардан тыс қалмады. Бірнеше қатысушы өз тәжірибелерімен бөлісіп, GEO медиажоспарлауды қайта құруды талап ететінін атап өтті. 

Brand Analytics-тің жаңа AI құралдары

Светлана Верклова (Brand Analytics) компания жүйесіндегі AI-ассистент BrandGPT-дің жаңартылған нұсқасын таныстырды. Енді құрал қазақ, өзбек және Орталық Азия өңірінің басқа да тілдерін қолдайды. Бұл жаңалық аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ хабарламаларды автоматты түрде тегтеу және пікірлерді талдауға арналған "Смарт Буст" AI құралының жаңартылған нұсқасы таныстырылды. Енді ол да Орталық Азия өңірінің тілдерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, қонақтарға MCP интеграциясы туралы айтылды. Бұл — нарық үшін бірегей коннектор. Оның көмегімен танымал тілдік модельдер арқылы Brand Analytics жүйесіне жүгініп, жүйеге кірмей-ақ дайын презентацияға дейінгі деңгейде сараптама алуға болады.

Форум
Фото: Brand Analytics

Брендтер мен агенттіктердің кейстері

Іскерлік бағдарламаны кейстер блогы қорытындылады.

Конференция қонақтарына Brand Analytics мониторинг және аналитика жүйесінің көмегімен шешілген нақты бизнес-міндеттер жан-жақты таныстырылды:

  • "Банк клиент көзімен: аудиторияны зерттеу коммуникациялық стратегияның негізіне қалай айналды" – Эльдана Райымжан (Отбасы банк), Наталия Кладова (Сидорин Лаб);
  • "Алматыдағы білім беру ахуалын бақылау орталығы — мониторингтен басқарушылық шешімдер платформасына дейін" – Игорь Сарыпов (Presslab), Ардақ Смағұлова (ГНМЦНТО);
  • "Брендтің өз маркетингінен тыс жерде жағдай қалай қалыптасады" – Айзада Абасканова (Mbank Kyrgyzstan);
  • "Инсайттар анатомиясы: әлеуметтік медиа аналитикасы скептицизмді қалай жеңді" – Амир Ракишев (Bosch), Екатерина Архангельская (RQ/AMDG);
  • "Банктің медиакеңістіктегі стратегиялық позицияларын талдау" – Мира Халина (Halyk Bank), Артық Кузьмин (Media System Group);
  • "Digital кеңістіктегі беделді басқаруға бола ма?" – Гаухар Керимова (Home Credit Bank).

Қатысушылар практикалық ұсыныстар алып, әлеуметтік медиа аналитикасының көмегімен шешімдерді интуицияға емес, нақты деректерге сүйене отырып қабылдау жолдарымен танысты.

Конференция жаңа таныстықтар орнатуға және бірлескен жобалардың идеяларын талқылауға мүмкіндік берген белсенді нетворкинг-сессиямен аяқталды.

Жарнама құқығында

Stan.kz
Дүйсенбі, 21 Қыркүйек, 2026 18:45