Қыздарды клубтардан іздеген: Астанада екі апалы-сіңлілі күйеулерімен бірге притон ұйымдастырған
Астанада кәмелетке толмағандарды да тарту арқылы притон ұйымдастырды деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, тергеу барысында 2023-2025 жылдар аралығында екі апалы-сіңлілі өз жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырғаны анықталған.
“Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген. Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген”, – делінген хабарламада.
Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің клиенттердің мас күйін пайдаланып, оларға күш қолданғаны, ақша бопсалағаны және жалдамалы пәтерлерде заңсыз ұстап отырғаны да анықталды.

Барлық 15 қатысушы ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.
Прокуратура қылмыстық істі сотқа жолдады.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда "Kizdar.net" сайтының ұйымдастырушылары ұсталғаны туралы жазған едік.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар