Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкесі министрлікте басшы болған": 37 жастағы министр Бағдат Мусин жайлы не білеміз

Жаңа лауазымға ие болған шенеунік Бағдат Мусин Қазақстандағы ең жас министр атанды. Еңбек жолын IT инженерден бастаған ол осы уақытқа дейін бірнеше ұйымдарды басқарып, тіпті президенттің кеңесшісі болып үлгерді. Жаңа министр жайлы не белгілі? Бұл туралы Stan.kz дайындаған материалдан оқи аласыздар. 

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурыз күні Екібастұз қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Сүлейман Демирел атындағы университетінде IT мамандығын бітіріп, екі жылдан кейін Қазақ ұлттық құқықтану және халықаралық қатынастар университетінде құқықтанушы мамандығы бойынша диплом иеленеді. 

Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі цифрлық даму министрі 2004 жылы еңбек жолын бағдарламалаушы болып бастапты. 2007-2011 жылдары әділет министрлігінде, 2011-2014 жылдары байланыс және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. 

2014 жылдың сәуірі мен сол жылдың тамызы аралығында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы болды. 

Мусин 2014 жылы "Қазпошта" АҚ басшылығына келгенде ұйымда түбегейлі өзгерістер орын алды. Мекеме жұмысы толығымен жаңартылып, "Қазпошта" цифрлы қызмет көрсетуге көшті. Оның бастамасымен елімізде заттарды қолма-қол "Қазпошта" орталықтарынан емес, қалада орналасқан арнайы постаматтарда алуды қамтамасыз етілді. 

Мусин басшы лауазымы қызметінде ол 1,5 миллион теңге жалақы алатынын өзі айтқан. Сондай-ақ ол осы тұста бір күн хат тасушы болып көрді. 

"Ашығын айтсам, ақша мен үшін маңызды. Менің ойымша, "Қазпоштадағы" жалақым соншалықты жоғары емес. Халық мұны естіп, қызу талқылады. Мысалы, шетелде азаматтар жылына бірнеше миллион доллар ақша табады. Ал мұны естіген хат тасушылар таңырқамайды", - депті Мусин бір сұхбатында. 

Ал 2017 жылы еліміздің Бас прокуратурасына қарасты құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы қызметіне келген ол Қазақстандағы лауазымды қызметке ие болған ең жас шенеуніктердің бірі атанды. Мусин өзі басқарған мекемелерді жаңашыл бағытта жұмыс істеуге жетелейтін тұлға ретінде танылды. Осылайша президенттің назарына ілініп, 2020 жылы наурызынан шілдеге дейін мемлекет басшысының цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып қызмет атқарды. Президенттің кеңесшісі болған уақытта шенеунік сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін теңгенің сандық түрін жасауды ұсынған. Сөзінше, осы арқылы елдегі бюджеттің кірісі пен шығысын оңай бақылап отыруға болатын еді. 

"Халық көп сөйлейтіндерге сене бермейді. Алайда өз сөздерін іспен дәлелдесе, олардың артынан барлығы ереді" .

Мусин өзінің отбасының суреттерін әлеуметтік желіге жариялайтын аз шенеуніктердің бірі. Төрт баланың әкесі белсенді желі қолданушысы, пікірін елдегі өзекті жағдайлар жайлы білдіріп отырады. Мәселен 2017 жылы Бас прокуратурада қызмет атқарып жүрген уақытта ол iPhone смартфондарын қазақстандықтар қолдан жасап жүргенін естіп, оларды жазалаудың орнына, қолдау қажет екенін айтыпты. 

"Жігіттер iPhone жасап жүр дейсіздер ме?! Менің ойымша, оларға заңды түрде мұнымен айналасуға жағдай жасау керек. Оларға бір технопаркте цех ашып берсек тіпті керемет болар еді. Жеңілдікпен қаржыландыруға да болады. Елімізде "Цифрлы Қазақстан" жарияланды ғой! Ал егер олар арзан құрал-жабдықтарды пайдаланып iPhone жасап жүрсе, қабілеттері бар деген сөз ғой. Кәсіпкерлік бастамалары да жаман емес", - деп жазыпты Мусин Facebook-тегі парақшасында. 

2019 жылы ол қазіргі әріптесі, білім министрі Асхат Аймағамбетовпен бірге "Қазақстанның ең жас 50 басшысы" тізіміне енген. Аталмыш рейтингті танымал саясаттанушы Ербол Еділов құрастырып, жариялаған. 

"IT-маманы ретінде дұрыс жұмыс жасамайтын барлық жабдықтарды жөндегім келеді". 

"IT-маман болу екі сағат форумға қатысып, біраз компьютер алдында отыру деген сөз емес. Олар өздерін түсінетін әріптестерімен пікір алмасқылары келеді. Мұндай мамандар сәл тұйықтау болады, сондықтан оларға жағдай жасалуы керек. Әкімдіктегілердің оларға арнап форумдар мен дәріс ұйымдастыруы өте дұрыс жағдай. Осы тұрғыда биліктегілер IT -мамандарына арнап арнайы орын ашса деймін. Сонда бағдарламашылар бір сарында жұмыс істеп, тіпті, әлемдік деңгейдегі тапсырмаларды орындай алатын еді", - Бағдат Мусин.

Жаңа министр төрт тілде сөйлей алады екен: қазақ және орыс тілдерінен бөлек, ол ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген. 

Бағдат Мусин 14 жасында жеке бизнес бастағанын айтады. Сөзінше, ол әкесінің көмегімен компьютер орнатып, Интернет арқылы халыққа көмектесіпті. 

"1997 жылы 14 жасымда екі компьютерді әкеме қойғызып, сөйлесу пунктінде орын жалдап, өз бизнесімді бастадым. Ол кезде мен Интернет арқылы email жолдаумен айналысатынмын. Бұған қоса кәрі әжейлер мен аталарға шетелдегі балаларына хат жіберу үшін мәтінде теріп, ақша табатынмын. Бұл қызметтің құны 50 теңге еді. Аталмыш орында мен үш айдай жұмыс жасадым", - деп жазыпты Мусин. 

Шенеуніктің әкесі демекші,  Батырбек Мусин ақпарат министрлігінде байланыс басқармасының басшысы болған. Қазір ол "Front Point Development" ЖШС директоры. Екі жыл бұрын пайда болған мекеме үйлерді жалға беріп, жылжымайтын мүлікті басқаруды қамтамасыз етеді. Ұйымның төлеген салығына қарасақ ,кірісі жаман емес. Мәселен 2020 жылы осы уақытқа дейін 7 млн теңге салық төленіпті. 

Мусин Қазақстанға "Сергек" бақылау камералар жүйесін енгізген шенеуніктердің бірі. Бұған қоса шенеуніктің осы  "Сергек" жүйесін жасап шығарған "Open Technologies group" ЖШС-ның бес басшысының бірі екені анықталды. "Open Technologies group инновациялық аппараттық-бағдарламалық кешендер құрастырып, жоғарғы технологиялық жабдықтарды жасауда шетелдің беделді ұйымдарынан кем түспейді", - делінген мекеменің ресми сайтында.

"Сергек" жобасы  Алматының полиция департаменттігі мен IT-ұйымы "Көркем Телеком" ЖШС бірлесе отырып жүзеге асырылған. "Сергек" жобасының басқарма жөніндегі директоры Бибігүл Айтукенова бейнебақылау жүйесін орнатуға Алматы әкімдігінен 50 млн теңге бөлінгенін айтқан. 

Ең қызығы, аталмыш жүйе енді пайда болып жатқан кезде Бағдат Мусиннің әйелінің көлігі жол ережесін бұзғандардың тізіміне енгені әшкере болған. 

"Әрбір жұмыскерге қызметтік бостандық қажет. Сонда ғана ол өз ойындағысын іске асырып, жұмыста жемісті нәтижелерге қол жеткізе алады. Қазақстан осы тұста ақсап тұр".

Мусин 2017 жылы мемлекеттік қызметте реформа жасау қажет екенін айтқан. Сөзінше, шенеуніктердің санын азайтып, керісінше, олардың жалақысын көбейтсе, нәтижелі жұмыстар атқарылатын еді. Бұған қоса ол дәл осы жылы "Электронды басқару" жүйесін іске қосқан болатын. Оның бұл бастамасын кәсіпкерлер жылы қабылдады. Сондай-ақ жас шенеунік Қазақстанда суицидпен күресетін арнайы ведомство құру керектігін айтқан. 

2018-2019 жылдары Қазақстандағы танымал ұйымдардың бірі BI Group-те жұмыс істеген. 

"Мен мемлекеттік қызметтен денсаулығымды жақсартуым үшін кеттім. Бірінші байлық - денсаулық деп бекер айтпайды ғой. Алайда бұл менің түбегейлі мемлекеттік басқарудан кетуімді білдірмейді. АҚШ-қа барып емделіп, жұмысқа қайта кірісемін. Мен секілді жаһандық жобаларды іске асырғыс келетін адамдармен бірге қызмет жасаймыз. Қазір шенеуніктер "барлығы жақсы, нарық жүріп тұр", деп ойлайды. Алайда бұл дұрыс емес көзқарас. Әрбір қызметкер жоғарғы белестен көріну үшін жаңа өзгерістерге дайын болулары қажет", - деп жазыпты Мусин BI group ұйымына жұмысқа кірмес бұрын.

Кейбір қазақстандықтар билікке жас буынның келуін құптап отыр. Алға ұмтылған жас министр биліктегілердің ешбір тобына жатпайтыны халықтың көңіліне жаққан сыңайлы. Дегенмен Мусинді пайдалы іс істеудің орнына, құр босқа ақша шашып жүр деп айыптағандар да табылды.

"Мусин өзінің жағдайын тиімді пайдалана білген шенеунік. Ол мемлекеттік қызметтерде дер кезінде келуді және кетуді біледі. Ал бастаған ісін соңына дейін жалғастырмайды. Ал жобаны аяқтаған күннің өзінде бұл оның бастамалары емес", - деп жазады журналист Денис Кривошеев өзінің блогында.

Мусинді ReKassa қосымшасы үшін сынға алып жатқандар да бар Жобаның мақсатына сәйкес базардағы саудагер кассалық аппараттарды алуға міндеттелді.

"Бағдат Мусиннің жаңа лауазымға ие болуына байланысты қуанып жатқандарды түсінбеймін. Мусинге министр болуға әлі ерте секілді. Оның сонша ел мадақтайтындай қандай жетістіктері бар?

Мысалы бір жыл бұрын Мусин базардағы саудагерлерге көмек ретінде ReKASSA бағдарламасын іске қосыпты. "Мусин мен оның тобы әу бастан ешкімге қажетсіз жобаны орындап шықты. Елдің барлығы "Каспи" - мен жұмыс істеп жүргенде, кім жаңа бағдарламаны қолданады? Бұған кімнің ақшасы кеткені де айтылмады. Мусин жобаға жұмсалған ақшаны қалтасынан шығармағаны белгілі. 

Ал енді кеше ғана менеджер, түрлі ұйымдарда қысқа уақыт басшылық еткен адам, цифирлық даму, инновация инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі атанды", - деп жазады журналист. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр