Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзі - министр, ағасы - министрдің орынбасары: Елімізде билік басында отырған туысқандар кімдер?

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігі жаңа заң жайлы мәлімдеді. Агенттік басшысының орынбасары Олжас Бектенов енді туыс шенеуніктер бір мемлекеттік органда жұмыс істей алмайтынын ашып айтты. Осыған орай, Stan.kz редакциясы ең танымал туыс шенеуніктердің тізімін жасап көрді.

ҚР үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың туған інісі Марат Тоқжанов Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданының әкімі екен. Бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Марат Тоқжанов ағасы вице-премьер атанғаннан кейін бір айдан соң жаңа лауазымға ие болған. 

Соңғы кездері еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасы Тимуржан Нұрымбетовтың есімі БАҚ-та жиі айтылып жүр. Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы өз еркімен осы жылдың маусым айында қызметінен кеткен еді. Пара алды деген күдікке ілінген ол қазіргі таңда үйқамақта отыр. 

Нұрымбетовтың ағасы

Біржан және Тимуржан Нұрымбетовтер

Тағы бір ведомство басшысы - индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың інісі Мәди Атамқұлов ҚР президенті протоколының бастығы қызметін атқарады. 

Әділет министрі Марат Бекетаевтың ағасы Руслан Бекетаев - қаржы министрінің орынбасары. 2019 жылы Бекетаевтың министр лауазымына қайта тағайындалуы халық арасында қызу пікірталасқа түскен еді. 

Әділет министрі Марат Бекетаев пен қаржы вице-министрі Марат Бекетаев

Айта кетейік, жақында ғана Қазақстанның Нидерландтағы елшісі болып тағайындалған экс-министр Асқар Жұмағалиевтың қайын атасы Қайрат Мәми кезінде Жоғарғы соттың басшысы, Бас прокурор, Сенат спикері болған, қазіргі таңда ол - ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы. 

Ал  еліміздің тұңғыш президенті - Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбековтың ұлы Жеңіс Қасымбек қазіргі таңда Қарағанды облысын басқарады.  

Махмұд және Жеңіс Қасымбековтер

Экс-вице-премьер, Жамбыл облысының қазіргі әкімі Бердібек Сапарбаев - өзінің інісі Нұрлыбек Нәлібаевпен әріптес. Сапарбаевтың бауыры - Қызылорда қаласының әкімі.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевтің қарындасы Қаржы министрлігі қазынашылық комитетіне қарасты облыстық департаментті басқарады. 

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллиннің жиені - Бектурова Малика Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары. Айта кетейік, Нығматуллиндер еліміздегі ең танымал туысқан шенеуніктер қатарына кіреді. Мәжіліс спикерінің егіз бауыры Ерлан Нығматуллин 2011- 2015 жылдары Сенат депутаты болған. 

 

 

Талқылау