Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 8 жастағы қызды анасының көзінше көлік қағып, көз жұмды

Ақмолада бала қағып кетті
Фото: Deposit photo

Ақмола облысы, Макин қаласында 8 жастағы қыз Mersedes-Benz автокөлігі қағып кетті. Салдарынан қыз көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Марқұмның анасы қызын мектептен келуін күтіп отырғанда, көлік оның баласын жолдан қағып кеткен. Басы мен денесінен ауыр жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Оқиға қалашықты дүр сілкіндірді.

Тұрғындардың айтуынша, жүргізуші жол ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған. Сондай-ақ жол апатының тағы бір себебі тротуарлардың жоқтығы деп санайды. Қыз қайтыс болған көшеге былтыр жаңа асфальт төселген. Ал тротуарларға ақша жетпеді. Жалпы, жыл басынан бері облыста адам өліміне әкеп соқтырған тоғыз жол апаты болды.

“Жүргізуші "Мерседес" көлігімен келе жатып, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз бала медициналық мекемеде көз жұмды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп жауап берді облыстық департамент.

Айта кетейік, Павлодарда жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, шиномонтаж шеберханасының қызметкері қаза тапты.

Ислам Әден
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек, 2026 12:11