"Ененің кесірінен ажырасады": Жанель Мақажан отбасындағы мәселелер туралы айтты
Актриса әрі блогер Жанель Мақажан отбасыдағы ананың орны туралы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқырман актрисаның жазбасына пікір қалдырып, ер адам үшін де, әйел үшін де анасы бірінші орында тұруы керек деген ойын жеткізген.
“Бәрі дұрыс, әрине. Бірақ ана бірінші орында тұру керек деп ойлаймын. Мейлі, тортты әйелі жесін, мейлі бөлек тұрсын, әйелін қатты сүйсін, бірақ всё равно еркек үшін де, әйел үшін де ана бірінші орында тұруы керек сияқты. Бұл жай ғана менің ойым, әрине”, – деп жазған ол.
Жанель Мақажан бұл пікірді жауапсыз қалдыра алмайтынын айтып, өз ұстанымын түсіндірді.
“Мен бұл пікірге жауап беруге міндеттімін. Себебі біздің қоғамда, жалпы қазақ ер азаматтарында анасы бірінші орында тұрғандықтан, көп отбасы ажырасады. Отбасылардың 80%-ы ененің кесірінен ажырасады”, – деді актриса.

Өнер иесі шаңырақ көтерген ер мен әйел бір-біріне сүйеу болып, өз отбасының берекесін сақтауы керек деп есептейді.
“Құдайдың өзі ер адам мен әйелді жаратып, бірге қосқан. Ол жарымен бірге болу үшін қосқан, анасымен емес”, – деді Жанель Мақажан.
Актриса өмірдегі басымдықтарды дұрыс қою отбасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді деп санайды. Оның айтуынша, бұл тәртіп бұзылғанда ерлі-зайыптылар бақытсыз болып, балалар зардап шегіп, отбасы ыдырауы мүмкін.
Жанель өзі ұстанатын түсінік бойынша, бірінші орында Жаратқан, одан кейін адамның өзі, жары, балалары, содан соң ата-анасы тұратынын жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Жанель Мақажан күйеуімен екіге кеткенін тұспалдап айтқан еді. Кейін ол некесінің бұзылуына қатысты пікір білдіріп, бұрынғы жұбайының туыстарымен арадағы келіспеушіліктер кезінде әйелі мен балаларына араша түспегенін айтқан. Сондай-ақ актриса отбасын сақтап қалуға тырысқанын, алайда бұл әрекеті нәтиже бермегенін жеткізген.
Кейінірек Жанель Мақажан қыздарының әкесі үш айдан астам уақыттан бері балаларына моральдық та, материалдық та қолдау көрсетпей келетінін мәлімдеген еді.
Некеге тұрып, үйін иемденіп, өзін өлтірген: Қазақстанда "қара риэлторлар" қалай әрекет етеді