Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

PlayStation-да футбол ойнап, Майамиге жолдама ұтып ал! Қазақстандықтар Red Bull Wings Cup турниріне қатыса алады

EA SPORTS FC™ 27 ойынын ұнататындарға үлкен мүмкіндік туды. Red Bull Wings Cup атты жаңа халықаралық турнир қарапайым ойыншыларға өз елінің намысын әлемдік аренада қорғауға жол ашады.

Турнир әлемнің 80-ге жуық елінде, соның ішінде Қазақстанда да өтеді. Жоба EA SPORTS және PlayStation компанияларының қолдауымен ұйымдастырылады. Оған кәсіби ойыншылар ғана емес, үйінде ойын ойнайтын әуесқойлар да қатыса алады. Ал студенттер университет қабырғасында бақ сынайды.

Турнирдің ең үздік ойыншылары Ұлттық финалға жолдама алады. Онда жеңіске жеткендер Қазақстан атынан 2027 жылдың басында АҚШ-тың Майами қаласында өтетін әлемдік финалға қатысады. Шешуші кезең Inter Miami Nu Stadium стадионында ұйымдастырылады. Финалда қатысушылар Red Bull Wings Cup тарихындағы алғашқы чемпион атану үшін бақ сынайды.

Red Bull

Қатысушылар екі лиганың бірін таңдай алады.

Университет лигасы – қазір жоғары оқу орнында білім алып жүрген студенттерге арналған. Олар PlayStation 5 консолінде өзге студенттермен жарысып, елдік іріктеу кезеңдерінен өтеді.

Ашық лига –  PlayStation 5 консолі бар ойыншыларға арналған. Олар үйінен шықпай-ақ PlayStation Tournaments арқылы онлайн жарысқа қатыса алады. Бұл лигада EA SPORTS FC™ 27 Ultimate Team режиміндегі өз командасын пайдалануға болады.

Турнирге Қазақстанда тұрақты тұратын, жасы 18-ге толған және одан асқан азаматтар қатыса алады. Екі лигада да үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар тиісті Ұлттық финалға өтеді. Ал Ұлттық финал жеңімпаздары Қазақстанның атынан Майамидегі әлемдік финалда өнер көрсету құқығына ие болады.

Red Bull Wings Cup аясында әлемнің түрлі елінде арнайы шектеулі топтамамен шығарылған сусын құтылары да сатылымға шығады. Қатысу талаптарына сай келетін ойыншылар осы құтылар арқылы EA SPORTS FC™ 27 ойынындағы арнайы сыйлықтарға ие бола алады. Сонымен қатар олар Майамиге барып, әлемдік финалды тамашалау мүмкіндігін сыйлайтын ұтыс ойынына қатысады.

Осылайша, Red Bull Wings Cup ойыншыларға виртуалды алаңда бақ сынап, халықаралық жарысқа қатысуға жол ашады.

Red Bull Wings Cup турнирі EA SPORTS және PlayStation Tournaments-пен бірлесіп өткізіледі.

Турнирге тіркелу басталды.

Ақгүл Айдарбекқызы
Дүйсенбі, 12 Қазан, 2026 15:37