Желіде Алматыда маньяк пайда болғаны туралы ақпарат тараған: Полиция хабарламаларға қатысты пікір білдірді
Алматылықтар арасында қалада "маньяк" пайда болғаны туралы хабарламалар тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде Алматыда бірнеше адамды өлтірді деген белгісіз қылмыскер туралы ақпарат тарады. Хабарлама авторлары күдіктінің жеке басы әлі анықталмағанын алға тартып, тұрғындарды сақ болуға шақырған.

Алматы қалалық полиция департаменті тұрғындарды үрейлендірген ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін маньяк-педофил деп танылған қазақстандық 25 жыл жазасын өтеп шығып, тағы да әйелге шабуыл жасағаны туралы жазған едік.