Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

Желтоқсанда қазақстандықтар қалай демалады? Биыл Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда, сәрсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты ел тұрғындары апта ортасында бір күн қосымша демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылдың соңғы айында қазақстандықтарды Тәуелсіздік күніне орай бір мерекелік демалыс күтіп тұр. Бес күндік жұмыс аптасында желтоқсанда 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні болады. Ал алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер 26 күн жұмыс істеп, 5 күн демалады.
16 желтоқсан, сәрсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар апта ортасында бір күн демалады. Биыл мерекеге байланысты демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған.

Бұған қоса, 1 желтоқсан, сондай-ақ 30 және 31 желтоқсан да әдеттегі жұмыс күндері болып саналады. Яғни Жаңа жыл қарсаңында қосымша демалыс берілмейді.
Еске салсақ, Алматыны Жаңа жылға безендіруге 512 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалатыны туралы хабарлаған едік. Қала көшелері мен алаңдарын безендіруге, алып шырша орнатуға және мерекелік концерт ұйымдастыруға бөлінбек.
Алматыда қандай діни ұйымдар бар? Олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық (Фоторепортаж)