Ақмолада үш ер адам мылтықпен үй иелерін қорқытып 4 миллион теңгелік мүлікті алып кеткен
Ақмола облысында үш ер адам түнде бетперде киіп, аңшылық мылтықпен тұрғын үйге басып кірген. Олар үй иелерін қарумен қорқытып, 4 миллион теңгеден астам ақша мен бағалы заттарды алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратураның мәліметінше, қаскүнемдер үйдің иелерін жертөлеге қамаған.
“Олар түнгі уақытта бетперде киіп, тұрғын үйге кіріп, жәбірленушілерге күш қолданып, аңшылық мылтықтың шолақ ұңғысымен қорқытып, ақша мен бағалы заттарды беруді талап еткен. Нәтижесінде қаскүнемдер 4 миллион теңгеден астам сомаға мүлікті иемденіп, үйде болған өзге адамдарды жертөлеге қамаған. Алайда Ақмола облысындағы істердің бірінде үш ер адам тонау қылмысымен сотталған”, – делінген ведомство хабарламасында.
Кейін Бас прокуратура сотталғандардың әрекеттерін тонау емес қарақшылық екенін айтып, саралаудың дұрыс еместігіне назар аударып, кассациялық наразылық енгізген.

“Жәбірленушілер қарумен төндірілген қатерді шынайы әрі өмірі мен денсаулығына қауіпті деп қабылдаған. Бұл ретте атыстың не қарудың жай-күйі туралы мәліметтердің болмауы өздігінен қарақшылық белгілерін жоққа шығармайды. Кассациялық сот прокуратураның уәждерімен келісіп, сот актілерінің күшін жойды және қылмыстық істі жаңадан қарауға жіберді”, – делінген хабарламада.
Сот мұндай істерді бағалағанда тек келтірілген шығынды емес, шабуылдың сипаты мен жәбірленушілерге төнген қауіпті де ескеру қажет екенін атап өтті.
Еске салсақ, Қостанайда Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан марқұмның зиратын тонап кеткен еді. Марқұмның туыстары қабірді бұзақылардан қорғау үшін камера орнатқан. Алайда бұл да оларға кедергі болмаған.
Алматыда қандай діни ұйымдар бар? Олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық (Фоторепортаж)
Дін қызметкері Қазақстандағы конфессияаралық келісім деңгейін жоғары бағалады
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"