Павлодарда жүк көлігін жөндеу кезінде дөңгелек жарылып, ер адам мерт болды
Павлодарда жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, шиномонтаж шеберханасының қызметкері қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға жүк көлігін жөндеу кезінде болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігіне дөңгелек орнату кезінде ол жарылып кеткен. Салдарынан жұмысшы ауыр дене жарақатын алып, көз жұмды", – деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаменті.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы ер адамның өмірге сәйкес келмейтін жарақаттардан қаза тапқанын растады. Оқиға орнына шақырту бойынша келген жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның қайтыс болғанын ғана констатациялады.
Оның нақты қандай жарақат алғанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы айтудан бас тартты.
Ал Павлодардағы пабликтерде қаза тапқан жұмысшының басын дөңгелектің жарылысы жұлып кеткені туралы ақпарат тарады. Құзырлы органдар бұл нұсқаны әзірге ресми түрде растаған да, жоққа шығарған да жоқ.
Полиция еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды