Эльдар Толғанбаев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды
Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, бұл қызметке Эльдар Толғанбаев тағайындалған.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д. А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихат аппаратының бас маманы болып бастаған.
2005-2006 жылдары – Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы.
2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында қызмет еткен.
2008-2012 жылдары – бас кеңесші; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі.
2012-2016 жылдары – ҚР Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары.
2016-2019 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі.
2019 жылы жеке құрылымда жұмыс істеген.
2019-2020 жылдары – "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2020-2022 жылдары – "Almaty телерадиокомпаниясы" АҚ бас директорының бірінші орынбасары.
2022 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2023 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған.
2023–2024 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2024 жылдан бастап ҚР Үкіметі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев вице-президент Ерлан Қариннің немен айналысатынын нақтылаған еді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
