Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесіне тағы да бірқатар адамды тағайындады

басшылық
Фото: Коллаж Stan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар тағайындау жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қауіпсіздік кеңесіне жаңа қызметке ие болғандар: 

Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол да бұрынғы қызметінен босатылды.

Нұржан Қажыақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Геннадий Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 05 Қыркүйек, 2026 10:41