Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытының екі резервуарында өрт шықты
Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Онда әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын мұнай өнімдері сақталған екі резервуар өртенген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызылордада ТЖД қызметкерлері мұнай өңдеу зауытындағы өртті сөндіріп, жанындағы үш резервуарды сақтап қалды.
“Қызылорда қаласының Шоқай көшесінде орналасқан шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыттарының бірінің аумағында әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуар өртенді. Оларда жалпы көлемі 120 тонна мұнай өнімі болған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде резервуарлар ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің жанында орналасқан тағы үш резервуарға таралу қаупі туындады”, – деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.
Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да қызметтердің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Зерттеу жүргізу үшін өрт сынақ зертханасы тағайындалды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды