Астанада құрылысы бітпеген үйде алапат өрт шықты
Астанада құрылысы бітпеген көпқабатты үйде алапат өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ТЖМ дерегіне сәйкес, жалын Астана қаласының Сарайшық ауданындағы А-32 көшесінде он екі қабатты тұрғын үйде тұтанған.
“Алғашқы бөлімшелер келген кезде бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейін жылу оқшаулағыш материалдың ашық жалынмен жанып жатқаны байқалған. Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді. Өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді”, – делінген хабарламада.
Өрт бірер сағаттан кейін сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн