Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базалық мөлшерлеме төмендеген күні доллар қымбаттады

доллар
Фото: Pixabay

Қазақстанда 23 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-дан 15,75%-ға дейін төмендетті. Осы күні Қазақстан қор биржасында доллар бағамы бірден 3 теңгеге өсті. Ал еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар 455 теңгеге дейін сатылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өткен бейсенбіде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 454,14 теңгеге дейін көтерілген еді. Алайда кейінгі күндері біртіндеп төмендеп, кеше 447,94 теңгеге жетті.

Бүгінгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 451,05 теңге болды. Осылайша, бір күнде америкалық валюта 3,11 теңгеге қымбаттады.

 23 қазан сағат 15:30-дағы Kurs.kz деректеріне сәйкес, еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында долларды сатып алу және сату бағамы мынадай болды:

  • Астана: сатып алу – 448 теңге, сату – 455 теңге;
  • Алматы: сатып алу – 448–452 теңге, сату – 452,3–455 теңге;
  • Шымкент: сатып алу – 451–451,5 теңге, сату – 452,3–453 теңге.

Еуро бағамы да өсті. Сағат 15:30-дағы мәлімет бойынша, оның орташа сараланған бағамы 506 теңге болды.

Қолма-қол еуроның айырбастау орындарындағы бағамы төмендегідей:

  • Астана: сатып алу – 500–503 теңге, сату – 513 теңге;
  • Алматы: сатып алу – 498,5–506 теңге, сату – 507–510 теңге;
  • Шымкент: сатып алу – 503–505 теңге, сату – 506,5–510 теңге.

Айта кетейік, 2026 жылғы 23 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-дан 15,75%-ға дейін төмендетті.

Айнура Дарибаева
Жұма, 23 Қазан, 2026 16:34