Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда доллар мен еуро арзандады: Валюта бағамы белгілі болды

доллар теңге
Фото: magnific.com

13 қарашада Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар мен еуроның бағамы төмендеді. Алматы, Астана және Шымкентте шетел валюталары қаншадан сатылып, қаншадан сатып алынып жатыр? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәселен, Алматының өзінде доллар 443,39–445,46 теңге, еуро 491,72–497,06 теңге рубль 5,13–5,24 теңге болған.

Ал Астанада

  • Доллар: 442–449 теңге.
  • Еуро: 491–501 теңге.
  • Рубль: 5,10–5,30 теңге.

Шымкентте

  • Доллар: 443,04–445,98 теңге.
  • Еуро: 491,64–496,50 теңге.
  • Рубль: 5,15–5,22 теңге.

Көрсетілген бағамдар валютаны сатып алу және сату тәртібімен берілген. Күн ішінде өзгеруі мүмкін.

Банктердегі доллардың сатып алу бағамы 445,50–447,60 теңге аралығында. Ең төменгі бағам Kaspi Bank-те – 445,50 теңге, ал ең жоғарысы Bereke Bank-те – 447,60 теңге.

теңге бағамы
Фото: tenge.today/exchangers

Ал долларды сату бағамы:

  • Kaspi Bank – 442,50 теңге;
  • Bank RBK – 439,90 теңге;
  • МиГ – 442,70 теңге;
  • Банк ЦентрКредит – 442 теңге;
  • Еуразиялық банк – 440,50 теңге;
  • Нұрбанк – 440,50 теңге;
  • Alatau City Bank – 439,80 теңге;
  • Halyk Bank – 439,80 теңге;
  • Фридом Банк – 440 теңге;
  • Bereke Bank – 440,60 теңге.

KASE биржасының 11 қарашадағы соңғы дерегіне сәйкес, доллар 2,40 теңгеге арзандап, 444,82 теңгені құрады. 30 қазаннан бері сегіз сауда күнінде америкалық валюта 8,95 теңгеге төмендеген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан қаржыгерлері доллар бағамына қатысты бір жылдық болжамын қайта қарады. Қарашадағы сауалнамаға қатысқан сарапшылар бір жылдан кейін доллар 499,4 теңге болады деп күтеді. Бұған дейінгі болжам — 502,6 теңге.  

Ал желтоқсанның басында доллар шамамен 462,4 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл алдыңғы болжамнан жоғары: қазанда сарапшылар 456,5 теңге болады деп күткен. Қазан айында теңге долларға шаққанда 3%-ға әлсіреп, Ұлттық банктің валюта сатуы азайған еді. Теңгенің әлсіреуі тауар бағасына қатысты күтулерге де әсер етуі мүмкін. Ұзақ мерзімде теңгені қолдайтын бірнеше фактор бар. Сарапшылар экспорттан түсетін валютаның көбеюін, Ұлттық банк пен экспорттаушылардың валюта ұсынуын және 2027 жылы Ұлттық қордан бюджетке аударылатын қаражаттың 2,8 трлн теңгеден 4,4 трлн теңгеге дейін артуын атап өтті.

Айым Атамбаева
Жұма, 13 Қараша, 2026 10:25