Қазақстандық әйел қызы TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылды
Атырау тұрғыны қызы TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 14 қазан күні әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында кәмелетке толмаған қыз балағат сөздер айтқан.
"Осы дерек бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ақпаратта.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеуге жауапты екенін еске салады.
Олар балаларының мінез-құлқына, соның ішінде әлеуметтік желілердегі әрекеттеріне ерекше назар аударуы қажет.
Еске салсақ, осыған дейін TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан қазақстандық стример жауапқа тартылғанын жазғанбыз.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн