Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін "Бернли" сапындағы алғашқы матчын өткізді

футболшы
Фото: Instagram burnleyofficial

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев “Уотфордқа” қарсы матчта ойынға қосалқы құрамнан қосылды. Ол жарақатына байланысты бір айдан астам уақыт алаңға шықпаған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

18 жастағы шабуылшы ойынның 74-минутында алаңға шықты. Ол кезде "Бернли" 3:0 есебімен алда келе жатқан. Flashscore порталы Сәтпаевтың 16 минуттық ойынына 6,8 ұпай берді. Футболшы қарсылас қақпасына бір соққы жасады.

87-минутта “Бернли” төртінші голын соғып, чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осылайша клуб жеті ұпай жинап, турнир кестесіндегі соңғы, 24-орыннан 22-орынға көтерілді.

“Бернли” Дастан Сәтпаевтың мықты тұстарын атады

Англияның “Бернли” клубында ойнайтын жапониялық жартылай қорғаушы Рэо Хататэ Сәтпаев туралы пікір білдірді. 

Чемпионшиптің тоғызыншы турында “Бернли” сырт алаңда “Уотфордты” 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Хататэ матчтың 25-минутында гол соқты. Ал Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін алаңға оралып, 74-минутта Якуб Бруун Ларсеннің орнына шықты.

“Ол – жақсы ойыншы. Жылдамдығы жоғары, дриблингі де керемет. Дастан әлі жас, сондықтан болашағы зор деп ойлаймын. Екеуміздің қарым-қатынасымыз өте жақсы”, – деді Рэо Хататэ.

“Бернли” келесі матчын 13 қазанда өз алаңында “Чарльтон Атлетикке” қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады.

Дастан Сәтпаевтың “Бернлидегі” ойыны

Дастан жаңа командасында бесінші матчын өткізді. Алайда әзірге гол соға алған жоқ. Соған қарамастан, “Мидлсброға” қарсы өткен соңғы кездесуде ол алғаш рет алаңның үздік ойыншысы атанып, лига тарапынан арнайы марапатқа ие болды.

Сол матчта Сәтпаев жарақат алып, ұлттар лигасында Қазақстан құрамасына қосыла алмады. Ұлттық құраманың ең қымбат ойыншысы сапта болмаған кезде команда бірде-бір матчта жеңіске жете алмай, турнир кестесінде соңғы орында тұр.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев Англия чемпионатында дебют жасап, командасы жеңіліс тапқан еді. Дастан Сәтпаев 12 нөмірімен “Бернли” сапында алаңға шықты. Ол “Вест Бромвичке” қарсы матчтың 57-минутында алаңға қосылып, ойынды 88% дәл пас көрсеткішімен аяқтады. Алайда оның командасы 3:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 11 Қазан, 2026 14:30