Екібастұзда қолында баласы бар қызды көлік қағып кетті

24 мамыр күні Екібастұзда артқа қарай қозғалып келе жатқан автокөлік қолында сәбиі бар қызды қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, "ГАЗ" маркалы көлігінің жүргізушісі артқа қарай қозғалып келе жатып баласымен бірге келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Павлодар облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші зардап шеккенін мәлімдеді.
“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген ведомство хабарламасында.
Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Бұған дейін Петропавлда қайын атасының көлігін алған ер адам 12 жастағы қызды қағып кеткен еді. 12 жастағы оқушысы көлік қозғалысы көп жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Алайда оны көлік қағып кетіп, ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Жүргізуші бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Апат болған сәтте оның мас болмағаны анықталды.
Оқыңыз