Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда полицей 1,5 жасар баланы қағып өлтірді деген күдікке ілінді

баланы басып кеткен
Фото: lada.kz

13 мамырда Ақтаудағы 27-шағын ауданында қайғылы оқиға болды. Жол талғамайтын көлік кәмелетке толмаған баланы қағып кетті, ол оқиға орнында қаза болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органының қызметкері қызметтік көлік жүргізіп келе жатқан. Ол 27-шағын аудандағы тұрғын үйдің алдындағы жолда 18 айлық баланы қағып кеткен. Бала есін жимай оқиға орнында мерт болған.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі “Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалануын бұзуы” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

“Маңғыстау облыстық полиция департаменті қайтыс болған баланың отбасы мен достарына шын жүректен көңіл айтады. Департамент басшылығы бұл мәселені арнайы бақылауға алып жатыр”, – делінген хабарламада.

Жүргізуші алкоголь мен есірткіге тест тапсырған, алайда алкоголь немесе психотроптық заттарды қолдану белгілері анықталмаған.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 14 Мамыр, 2026 11:42