Рөлде кәмелетке толмаған бала болған: Таразда жол апатынан жасөспірім қаза тапты
Тараз қаласында 15 жастағы жасөспірім Audi көлігімен полициядан қашамын деп, жол апатына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция мәліметінше, патрульдік қызметкерлер жол ережесін бұзған Audi көлігін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, қашып кетуге тырысқан.
"Қуғын кезінде жүргізуші көлікті басқара алмай, электр желісінің бетон бағанасына соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Көлік тоқтатылғаннан кейін рөлде жүргізуші куәлігі жоқ 15 жастағы жасөспірім отырғаны анықталған. Кәмелетке толмаған жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жасөспірімнің жүргізуші куәлігі болмаған. Ол ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу аясында көлік иесінің де әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Полиция құқық қорғау органдарының заңды талабына бағынбау мен қашуға әрекет жасау ауыр зардаптарға әкелетінін және заң аясында жауапкершілік бар екенін қатаң ескертеді.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіде таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды