Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерсайын Нағаспаев ҚТЖ басшысы болып тағайындалды

Нағаспаев
Фото: gov.kz

"Самұрық-Қазына" қоры басқармасының шешімімен Ерсайын Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылған. Ол бұл ведомствоны 2025 жылғы ақпаннан бері басқарды.

Айта кетейік, Нағаспаев 2021–2025 жылдары "ҚТЖ"-да жұмыс істеген. Ол қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарып, кейін жаңа жобаларға жетекшілік еткен.

Еске салсақ, 12 қарашада ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, "Қазақстан темір жолы" басшысы Елжас Отаншиевті және басқа да тұлғаларды ұстағанын растады. ҰҚК мәліметінше, олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. 

Тоқаев "Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдіріп, жағдайды "ауқымды жемқорлықтың белгісі" деп атады. 

Президент үкімет пен бақылаушы органдарға 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға және оларды азайтуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

18 қарашада сот санкциясымен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевты қамауға алынды. 

Қарлығаш Асқарова
Сейсенбі, 24 Қараша, 2026 12:37