Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты
Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды. Ол бұл ведомствоны 2025 жылғы ақпаннан бері басқарып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Нағаспаевтың қызмет жолы қандай?
Ресми өмірбаянына сәйкес, Нағаспаев еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімінің аппаратында жетекші маман болып бастаған. Кейін мемлекеттік органдарда, әкімдіктерде және "ҚТЖ" ұлттық компаниясында қызмет атқарған.
- 2002–2003 жылдары – Сыртқы істер министрлігі мен Инвестициялар комитетінде атташе;
- 2003–2006 жылдары – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде атташе, үшінші хатшы;
- 2006–2007 жылдары – Көлік және коммуникация министрлігінде бөлім бастығы, департамент директорының орынбасары;
- 2007–2009 жылдары – "Ақтау халықаралық теңіз сауда портында" басшының орынбасары, аппарат басшысы;
- 2009 жылы – Көлік және коммуникация министрлігінде департамент директорының орынбасары, Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі;
- 2009–2010 жылдары – Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары;
- 2010–2011 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;
- 2011–2013 жылдары – Шахтинск қаласының әкімі;
- 2013–2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;
- 2014–2016 жылдары – "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы;
- 2016–2020 жылдары – "Новострой Астана" компаниясы директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары;
- 2021–2022 жылдары – "ҚТЖ" ұлттық компаниясының қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры;
- 2022–2025 жылдары – "ҚТЖ"-да жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы.
Нағаспаев 2025 жылғы 28 ақпанда Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған. 2026 жылғы 3 қыркүйекте бұл қызметке қайта тағайындалды.
Алматыда қандай діни ұйымдар бар? Олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық (Фоторепортаж)