Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда қайын атасының көлігін алған ер адам 12 жастағы қызды қағып кетті

оқушы қыз көлік қақты
Фото: Видеодан скрин

Петропавлда қайын атасының көлігін мініп көруге алған 24 жастағы ер адам оқушы қызды қағып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

12 жастағы оқушыс көлік қозғалысы көп жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Алайда оны көлік қағып кетіп, ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 

Жүргізуші бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Апат болған сәтте оның мас болмағаны анықталды.

“Бұл қауіпті аумақтағы алғашқы қайғылы жағдай емес. Желтоқсан айында осы жерде бір зейнеткер ауыр жарақат алды. Магистраль жекеменшік сектор арқылы өтеді, ал ең жақын бағдаршамға жету үшін жаяу жүргіншілерге 300 метрден астам жол жүруге тура келеді”, – дейді қала тұрғындары.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, қайғылы оқиғаға дейін-ақ бұл жерге шектеу шараларын енгізу жоспарланған. Алайда орнатып үлгермеген.

 Енді өңірлік полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алтынбек Жамалиевтің айтуынша, олар жол белгілерін орнатып, тұтас жолақ сызығын ұзартып, жылдамдықты тіркейтін аппараттық кешен мен аялдама маңына жаяу жүргіншілер өткелін орнатуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Ақтауда полиция қызметкері  бір жарым жастағы баланы қағып кеткені туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 27 Мамыр, 2026 08:26