Астанада тұрғын үй ауласында екі жасар баланы көлік қағып, қаза тапты
Астанада тұрғын үйлердің бірінің ауласында автокөлік баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында қаза тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 3 мамыр күні Иманов көшесіндегі үй ауласында болған. Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. 1 жас 8 айлық бала оқиға орнында қаза тапты.
"Kia Seltos автокөлігінің жүргізушісі аула ішінде қозғалып келе жатып, жолға жүгіріп шыққан баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады елордалық полицияның баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысында жүргізуші кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазғанбыз. Ол оқиға орнынан қашып бара жатып, тағы бір баланы қаққан.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
Қазақстан халқына қоры миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейтін болды: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”
