Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

 
Лепеха
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Лепеха Игорь Владимирович Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Лепеха 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің академиясын бітірген.

Лепеханың еңбек жолы

1986–1997 жылдары Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасында қызмет еткен. Кейін Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінде басшылық қызметтер атқарған.

2009–2019 жылдары Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, кейін комитет төрағасы болды. 2019–2020 жылдары министрліктің Штаб-департаментін басқарса, 2020–2022 жылдары Ішкі істер министрлігі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды. 2022 жылғы қазаннан 2026 жылғы қарашаға дейін министрдің орынбасары болды. 

Лепеха "Даңқ" орденінің I және II дәрежелерімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталған.

Еске салсақ, бұған дейін Ерсайын Нағаспаевтың Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылғаны туралы жазған едік. Кейін ол "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

 

Stan.kz
Сейсенбі, 24 Қараша, 2026 13:00