Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іскер әрі сүйкімді емес: Тоқаев медициналық сақтандыру қорының басшысы қандай болу керек екенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті медициналық сақтандыру қорының басшысы ретінде іскер әрі аса сүйкімді емес адамды тағайындау керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы үкімет әр істі бақылауына алып, кез келген мәселеге қатысты талдау жасау керегін айтты.

"Жақында міндетті медициналық сақтандыру қоры туралы көп әңгіме болды. Менің ойымша, бұл қордың айналасында әртүрлі қауесеттер болмауы үшін, басшылыққа іскер әрі аса сүйкімді емес адамды тағайындау керек. Жалпы үкімет тарапынан қордың тиімділігі мен пайдасына, қызметіне осылай талдау жасалуы керек", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.


Сонымен қатар, Тоқаев компания басышыларын орнынан босатып, тергеу жұмыстарын жүргізуді жөн деп тапқан. 

"Тергеу жүргізу керек, туындаған қиындықтарға барлық кінәлілерді айыптау керек. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен СК Фармация  басшыларын жұмыстан босату керек немесе тергеу жүргізу қажет", - дейді мемлекет басшысы.

Талқылау