Асқар Жұмағалиев министр қызметінен босатылды
Асқар Жұмағалиев еліміздің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорданың сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды", - делінген президент жарлығында.
Айта кетейік, Асқар Жұмағалиев 2019 жылдың 18 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып қызмет атқарған еді.
Ойнап жүрген балалар қымбат iPhone-ды доппен теуіп сындырып алды: Өтемақы мәселесі жанжалға ұласты
Біреудің мүлкін сындырған баланың анасы ақысын төлеуден бас тартқан.
"Тәтті жемейді, теледидар көрмейді, смартфонға уақыт шектеулі": Үш баласы да АҚШ-қа оқуға түскен қазақстандық әке балаларын қалай тәрбиелегенін айтты
Ол бала тәрбиесінде 15 қағиданы ұстанған