Соңғы жаңалықтар

"Халықпен қарапайым тілде сөйлескісі келген" Алматы облысының бас санитар дәрігері қызметте қалды

Көмек сұрап барған кәсіпкерлерге «басымды қатырмаңдар» деген Алматы облысының бас санитар дәрігері орнында қалатын болды. Ерғали Сыдыманов қатаң сөгіс алып, құтылды. Тіпті ол қатаң сөгістің өзі оған беріле ме жоқ па оны Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шешеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сыдыманов

Денсаулық сақтау министрлігі халықпен дөрекі сөйлескен Ерғали Сыдымановтың ісін Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңеске тапсырған. Ал кеңес мүшелері облыстың бас санитар дәрігерінің ісін қарап, қатаң сөгіс берумен шектелді. Отырыс онлайн форматта өткен. Кәсіпкерлерге басымды қатырмаңдар деген Сыдымановтың өзі болса халықпен қарапайым тілде сөйлескім келді және жақын туысының қазасы да оның осы әрекетіне кері әсер етті деп түсіндірді. Осыдан үш жыл бұрын Қапшағай қаласының әкімі болған Сәтжан Қиқымов елге қатты сөйлескені үшін қызметімен қоштасқан еді. Ал Алматы облыстық бас санитар дәрігерінің ісіне төрағалық етіп отырған департамент басшысы блогерлерді қолдай қоймады. 

"Блогерлер бар жағдайда қандай да бір кемшілік іздегенді жақсы көреді. Ал мемлекеттік қызметкерлердің, шенеуніктердің жасап жатқан жағымды өзгерістерді олар жазба етіп жарияламайды", - дейді Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңестің төрайымы Ляззат Бейсеқұлова.

Айта ктейік, бұған дейін шенеунік халық алдында осы қылығы үшін кешірім сұраған болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр