Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртанов отставкаға кетуінің себебін түсіндірді

Елжан Біртанов отставкаға кетуінің себебін түсіндірді. Экс-денсаулық сақтау министрі өзінің Facebook-тегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті әріптестер мен достар. Бүгін мен мемлекет басшысына мені денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы өтініш бердім. Өкінішке қарай, менде пневмонияның асқынған коронавирус инфекциясы болғандықтан, қосымша ем-дом қажет.

Сонымен қатар, қазіргі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделенген уақытында - министрлік деңгейінде де, өңірлердің денсаулық сақтау саласында да саланы толыққанды басқару қажет деп санаймын.  Біздің денсаулық сақтау жүйесі артып келе жатқан ауыртпалықты жеңетініне сенімдімін. Барлық әріптестеріме денсаулық және табандылық тілеймін! Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосатын үлесіме зор сенімі үшін мемлекет басшысына алғыс айтамын", - деп жазды Біртанов.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,  бұрынғы министр Елжан Біртановтың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланады. Диагноз - орташа дәрежелі пневмония.

"Динамикада жағдайдың жақсарғаны байқалады. COVID-19 коронавирусын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес стационарда емдеу мен ерте оңалту жүргізіледі", - деді ведомствода.

Бұған дейін Алексей Цой денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалғаны хабарланды.

Талқылау