"Басымды қатырмаңдар": Цой Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты шешім шығарды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ерғали Сыдымановқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Бұл бұйрық Алматы облысының әдеп жөніндегі кеңесінің 19 тамыздағы шешімі негізінде шығарылды", - деп растады денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Естеріңізге сала кетейік, жаңадан қызметке тағайындалған Ерғали Сыдыманов Талдықорған тұрғындарымен кездесті. Бірақ алғашқы кездесу қала тұрғындарының көңілінен шықпаған. Шенеунік өзімен кездесуге келген тұрғындарға дөрекілік танытып, ауыр сөздер айтқан.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой облыстың жаңа бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізуді бұйырды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ерғали Сыдымановқа қатысты тәртіптік іс қозғады.

Көп уақыт өтпей Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов өзінің дөрекілігіне шағымданған кәсіпкерлерден көпшілік алдында кешірім сұрады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр