Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қылмыстық іс қозғалуы мүмкін": Біртанов командасының ДСМ-нен кетуі нені білдіреді

Жеті айдан астам уақыттан бері денсаулық сақтау министрлігі елдегі ең көп талқыланған ведомствоға айналды. Медицина саласындағы қызметкерлердің басы дауға қалды. Олжас Әбішев, Берік Шәріп, Айбатыр Жұмағұлов – бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Жақында вице-министр қызметінен Людмила Бюрабекованың босатылғаны белгілі болды, себептері әлі айтылған жоқ. Көпшілік экс-министр Елжан Біртановтың командасы мемлекеттік қызметтен толығымен кетеді деп сенеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекованың лауазымынан кеткені белгілі болды. Бірақ, әлі күнге дейін оның қызметінен өз еркімен кеткені немесе қандай да бір себептер болғаны белгісіз. 

Людмила Бюрабекова вице-министр болғанына көп уақыт болмаған, тек 5 ай. Ол бұл лауазымға экс-министр Елжан Біртановтың кезінде тағайындалған. Сондықтан оның командасының құрамына кіреді. 

2017 жылдан бастап Людмила Бюрабекова Қазақстанда дәрілерді жеткізу мен оның сапасына жауап береді. Сондықтан, қоғам белсенділерінің пікірінше, бұл шешім жайдан жай қабылданбаған.

"Менің ойымша, бір жұмыстан шығарумен бұл бітпейді. Меніңше, оның үстінен қылмыстық іс қозғалады, өйткені ол бірнеше салаға жауап берген", - деді медицина ғылымдарының кандидаты, қоғам белсендісі Қайырғали Көнеев.

Әңгіме осы биылғы жаздағы коронавирус өршіген кезде болған өмірлік дәрілердің тапшылығына қатысты болып отыр.

Таяуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СК Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты "Лауазымын асыра пайдалану" бойынша тергеу бастағанын хабарлады. Оны 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мүмкін.

Ең қызығы, Біртанов қызметінен кеткеннен кейін оның командасындағы жанжал ортасында қалғандар саны артты. Осылайша, медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың басы дауға қалды. Одан кейін Олжас Әбішев көзге ілікті. Ол 500 млн теңгені жымқырғаны үшін айыпталуда. 2 ай бұрын ол өз еркімен жұмыстан шыққан. 

Қазір жаңа министр Алексей Цойдың өз командасы бар. Екі вице-министр өзімен бір уақытта тағайындалса, тағы біреуі осы айда іске кірісті. Жауапты хатшы да ауысты.

Қоғам белсенділері министрліктегі ауыс-түйіске емес, нәтижеге алаңдаулы. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр