Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғаны туралы алғашқы хабарлар әлеуметтік желілерде күні бұрын пайда болды. Бүгін бұл ақпаратты қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті растады.

Департаменттің ресми есебінде Олжас Әбішевті экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстағандығы айтылған. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта бұрынғы шенеунікке қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.

Комитеттегі басқа мәліметтер жарияланбады, өйткені сотқа дейінгі тергеудің деректері жария етілмейді.


Қазақстандықтар Елжан Біртановты жауапқа тартуды сұрауда. Десек те оны жақтаушылар да табылды

Еске салайық, Әбішев 2018 жылы вице-министр болған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берді.

Олжас Әбішев 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әр жылдары «Қазагромаркетинг» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ ,«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-да жұмыс істеді. «Астана Innovations» АҚ, сонымен қатар коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

Талқылау