Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәрінің құрамын білмейтін адам": Танымал журналист атышулы "СК Фармация" мекемесінің жаңа басшысына шүйлікті

Атышулы "СК Фармация" ұжымы тағы да сынға ілікті. Бұл жолы таяуда ғана қызметке тағайындалған аталған мекемесінің жаңа басшысына қатысты тың деректер пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Әбіқай

Қазақстанда COVID 19 індетінің өршіген кезеңінде көрші мемлекеттерден жеткізілген гуманитарлық көмекті дер кезінде таратпай, елімізде дәрі-дәрімек тапшылғын туғызған "СК Фармация" ұжымының басынан дау арылмай-ақ қойды. Санаулы күн бұрын аталған мекеменің бұрынғы басшысы жұмыстан кетіп, жаңа жетекші қызметке келген еді. Алайда, өзіне жүктелген міндеттерді атқаруға енді кіріскен Ерхат Есқалиевтың жүріп өткен жолы Гүлмира Әбіқайға жақпай қалған секілді. Танымал журналистің айтуынша, жаңа басшының медицина саласына ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан болар, атышулы мекемедегі мәселелердің шешілуіне күмәнмен қарайды.  

"СК Фармацияға" жаңа басшы. Гламурың керек жоқ деп нағыз "ғламур" осы болып шықпасын. Ерхат Есқалиев, жасы 44-те. Биографиясын бір сөзбен қорытсақ басшы болмаған мекемесі жоқ. Тек шеф болу үшін туған ба дерсің?! Ұзын-сонар тізімді өздеріңіз оқып аласыздар. Бірақ, сол қызмет пен білімнің арасында медицина жоқ.
Дәрінің құрамын білмейтін, атауын ажырата алмайтын адам фармацияның басына қалай келді? Мұны Цойдан сұраңдар. Бұрынғы басшы Берік Шәріп фельдшерден бастап министрлікке дейін сатылай көтерілген медик еді. "Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылды" болып жүрмейікші!" - дейді Гүлмира Әбіқай инстаграмдағы жазбасында. 

КТК телеарнасының тілшісі жүктеген пост бірден әлеуметтік желідегілердің қызу талқысына түсті. Даулы мекеменің жаңа басшысы жұртқа да жақпай қалса керек, оқырмандар наразалық танытуда. 

"Бұл кісіні қызметінен босатып, медицина саласында тәжірибесі бар маманды қойыңыздар", "Осындайларды елдің жүйкесіне тию үшін әдейі отырғызады-ау деймін. Ақымақтар!", "Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін. Басында медициналық білім болмаса да, бастықтың баласы билесін деген заман осы шығар", "Мынау нағыз "гламурный дурак" болып жүрмесін", - деп жазды инстаграм қолданушылары.

Айта кетейік, жақында ғана Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі "СК Фармацияның" бұрынғы басшысын жұмыстан босату туралы бұйрыққа қол қойған болатын. Көп ұзамай жаңа қызметке дәл осы Ерхат Есқалиев келген еді.

 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр