"Готэмге қаһарман қажет": Біртановтың ұйықтауына мұрсат сұраған бойжеткен желі қолданушыларын күлдірді
Әлеуметтік желілерде ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың фантастикалық фильмдердің қаһарманы ретінде бейнеленген суреттері тарала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Насима Қорғанбекова есімді Facebook қолданушысы министрдің бірнеше фильм кейіпкерлерінің Бэтмен, Америка капитаны және Супермэн образында бейнеленген суреттерін жариялапты. Өзінің жазбасының астына бойжеткен "Біртановқа ұйықтауға мұрсат берейікші. Готэмге қаһарман қажет" деп жазыпты.

"Алға Капитан минздрав! Қазақтар жауынгерлерін айырылуға болмайды, себебі біз азбыз. Үлкен шығын болмайды деп үміттенемін", - деп жазыпты бойжеткен.
Оның бұл жазбасы желі қолданушыларын қызу пікірін туғызды.
Біртановтың бұл образына "Супертанов", "Министр-адам" сынды пікірлер жазыпты желі пайдаланушылары.


"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?