Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аймағамбетов: Мектеп мұғалімдері есеп беруден босатылады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде мектеп ұстаздары толығымен есеп беруден босатылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жас мұғалімдер"Қазіргі уақытта тексерістердің барлығын тоқтаттық. Содан кейін қазір біз мектептер мен мұғалімдерден жиналатын есептердің көп екендігін анықтадық. Сол себепті біз ұстаздардың есеп беруін тоқтату туралы шешім қабылдадық. Яғни, ендігәрі оқытушылардан сынып журналынан басқа ешқандай есеп талап етілмеуі тиіс. Бүгінгі күні еліміздегі жағдайды білесіздер. Сондықтан балаларымызға, ұстаздарымызға сенім білдіруіміз керек. Енді ешқандай есептердің қажеті жоқ.

Кейбір жерлерде өткізіліп сабақтардың скрині талап етіледі, кейбір жерлерде оны видеоға түсіріп алуды талап ететін келеңсіз жағдайларға көзіміз жетіп отыр. Сол үшін біз бұл мәселеге жол бермейміз. Жергілікті өңірлердегі бақылау департаменттері де ешқандай тексеріс жүргізбей, ұстаздардан есепті талап етпеу мәселесін бақылап отырады", - деді білім министрі. 


Мектеп оқушыларының төртінші тоқсандағы сабағы қалай болады? Білім министрі түсіндірді

Талқылау