Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада олигархтардан тартып алынған үйлер сатылымға шықты

үй
Фото: E-qazyna.kz

Астанада элиталы тұрғын үйден 3 пәтер сатылымға шықты. Олардың құны 200 млн мен 400 млн аралығын қамтиды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 

Green Village-тегі "сарай" стилі

231 шаршы метрлік бірінші пәтер 2010 жылы салынған Green Village тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл Нұра ауданы, "Комсомольский" тұрғын алабы, Қарашаш Ана көшесі, 23/1. Жылжымайтын мүлік 114 миллион теңгеге сатылып жатыр. Пәтердің кіреберісінде ұстындар мен өрнекті терезелер бар. 

Дом олигархов в Астане
Фото: E-qazyna.kz

Басқа бөлмелерде алауошақ, панорамалық терезе, теледидар қоятын орын. Мүмкін болған жердің бәрінде мүсінделген. 

Дом олигархов в Астане
Фото: E-qazyna.kz

Басқа бөлмелерде бәрі алдыңғы бөлмедегідей қымбат емес. Бірақ төбеде ерекше сурет бейнеленген.

потолок
Фото: E-qazyna.kz

Жуынатын бөлмеде "Винни-Пух" мультфильміне сүйеніп, мозаика салынған. Барлық жиһаздар негізінен піл сүйегінен жасалған, алтын жалатылған ою-өрнектері бар.

комната
Фото: E-qazyna.kz

"Парижский квартал" тұрғын үй кешеніндегі 2 пәтер

Саудаға шығарылған екі пәтер де Астана қаласы, Алматы ауданы, Шарль де Голль көшесі, 5 мекенжайында орналасқан. Бұл — 2012 жылы салынған "Парижский квартал" тұрғын үй кешені. Лоттар sauda.e-qazyna.kz порталында жарияланған.

№1 пәтер

Бұл тізімдегі ең қымбат пәтер — "Парижский квартал" ТК-дегі екі деңгейлі пәтер. Оның жалпы ауданы — 309,5 шаршы метр. Бастапқы бағасы — 363 244 554 теңге. Пәтердің интерьері көзге сәл қарапайымдау көрінгенімен, жалпы стилі сақталған. Бөлмелер ашық әрі сабырлы түстермен безендірілген, ал қабырғалар сәндік суреттермен көмкерілген. Интерьерде сылақ өрнектерімен безендірілген камин де бар. Ол пәтерге классикалық сипат береді. Алтын түсті крандары бар қолжуғыштар да ерекше назар аударады. Олар интерьерге сән-салтанат элементін қосып тұр.

комната
Фото: E-qazyna.kz

Суреттерге қарағанда, бұл пәтерде бала тұрған. Бұған интерьердегі бөлшектер: ауа шары бейнеленген тұсқағаз, аю түріндегі шкаф және басқа да балалар тақырыбындағы элементтер дәлел бола алады.

комната
Фото: E-qazyna.kz

№1 Пәтер

Ал үшеуінің ішіндегі ең "арзан" баспана — "Париж кварталы" тұрғын үй кешеніндегі 93 шаршы метрлік пәтер. Оны 112 926 585 теңгеге сату жоспарланып отыр. Мұнда бәрі де алдыңғыларға қарағанда қарапайым әрі ұстамды.

Дом
Фото: E-qazyna.kz

Хабарландырудағы суретте тұрғын үй кешенінің кіреберісі көрсетілген. Безендіруде үлкен люстралар, айналар және былғары дивандар қойылған.

комната
Фото: E-qazyna.kz

Үш пәтердің де саудасы 22 қыркүйекте сағат 10:00-де басталады. Потенциалды сатып алушыға сауда-саттық басталғанға дейін активті қарап шығу мүмкіндігі беріледі. Оларды конкурс арқылы сатады - бұл e-qazyna веб-порталындағы сауда-саттық, онда белгіленген талаптарға сәйкес келетін қатысушылар өздерінің баға ұсыныстарын көтере алады.

Айта кетейік, барлық пәтерлерді қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатады. Бұл бұрын бұл тұрғын үйлерді иелері заңсыз тапқан ақшасына сатып алғанын, кейін активтері мемлекетке қайтарылғанын білдіреді. Бұған дейін Астанада қайтарылған активтерден тұратын элиталық коттедж сатылып кеткенін жазған болатынбыз. Екі қабатты үй Астананың Сарайшық ауданындағы Саяжай тұрғын алабында орналасқан. Үйдің ауданы - 350,5 шаршы метр, жер телімі - 0,42 гектар.

 

Ислам Әден
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек, 2026 12:34