Барлық авторлар
Журналист-редактор
Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің түлегі. Журналистика саласында 10 жылдан астам еңбек етіп келеді. Әлеуметтік мәселелерді, эксклюзивті жаңалықтарды және қоғам назарынан тыс қалған ерекше оқиғаларды зерттейді.
Еңбек жолында "Тәулік" бағдарламасының тележүргізушісі, РИКА телеарнасында жаңалықтар редакторы, КТК телеарнасындағы "Астарлы ақиқат", Алматы телеарнасындағы "Шешімі бар" ток-шоуының редакторы, "Ақ мама", "Динамен дұрыс" бағдарламаларының шеф-редакторы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар елімізге танымал түрлі жобаларда редакторлық қызмет етіп, журналистика саласында мол тәжірибе жинақтаған.
Журналистика саласындағы еңбегі үшін Ақтөбе қаласы әкімінің грантына ие болған.
Бүгінде Stan.kz YouTube арнасында журналист ретінде қызмет атқарып, түрлі репортаждар дайындап, елге танымал тұлғалармен сұхбат жүргізеді. Әрбір материалында тың тақырыптарды көтеріп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шынайы жеткізуге ұмтылады.
“Мен үшін журналистика – тек жаңалық тарату емес, адамның үнін естірту, қоғамға ой салу және өзгеріске себеп болу”